«Ішінен түтін шықты»: Астанаға қарай бет алған ұшақ шұғыл түрде Алматы әуежайына қонды

Автор: Бақыт Шынар

 Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ

Фото: Air Astana баспасөз қызметі

Бүгін, 17 желтоқсан күні таңғы сағат 07:38-де Алматыдан Астанаға қарай бет алған «Эйр Астана» компаниясының ұшағында төтенше жағдай орын алып, экипаж апат сигналын таратқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметіне сүйенсек, жолаушылар арасында жараланғандар жоқ.

«Қазаэронавигация» Әуе қозғалысын жоспарлайтын бас орталықтың ақпаратына сәйкес, ұшақтың ішінде түтін пайда болған. Сондықтан, экипаж MAY-DAY апаттық сигналын жариялаған», - деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.

Ұшақ сағат 07:40-та Алматы әуежайына қонған.