Павлодарлық өрт сөндірушілер қызыл жалынмен үш сағат бойы алысты (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Ғимаратта битумды қыздыру ванналарының бірінде мұнай қалдықтарының қоспасы өртенді

Павлодар облысында ең жоғары дәрежелі қауіпті өрт сөндірілді, деп хабарлайды Аzattyq ruhy. Бұрынғы «Павлодар картон-рубероид зауыты» АҚ аумағындағы битум қабылдағыштағы өрт туралы хабарлама ТЖ департаментіне түнгі сағат 02:45-те түскен.

«Өртті сөндіруге облыстық ТЖД Өрт сөндіру қызметінің тоғыз бірлік техникасы мен отыз екі қызметкері қатысты. Өрт сөндірушілерге көмекке «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ің өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келді. Өртті сөндіру үшін автоцистернаның көбікті генераторы іске қосылды. Өртті сөндіру битум қабылдағыш ғимаратының қабырғалары мен шатыры металл профлистен жасалғандықтан қиынға соқты», - делінген хабарламада.

Өрттің жалпы аумағы 1200 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер өртті таңғы сағат 4:40-та ауыздықтап, сағат 05:35-те толығымен сөндірді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталып жатыр.

 

Тегтер: