$ 504.49  587.73  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Петропавлда екі жұмысшы биіктіктен құлап кетті: біреуі көз жұмды

Ал  екіншісі ауруханаға жеткізілді

Петропавлда екі жұмысшы биіктіктен құлап кетті: біреуі көз жұмды
Фото: istockphoto.com

Петропавлда екі жұмысшы биіктіктен құлап кетіп, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға бүгін болған.

«Петропавл қаласында монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде көтергіш платформадан екі жұмысшы құлап кетті. Салдарынан олардың бірі – 35 жастағы ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал 1994 жылы туған екіншісі ауруханаға жеткізілді», - деп жазылған хабарламада.

Полиция еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, олардың нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», - дейді полицейлер.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданына қарасты Бесшоқы ауылында болған еді. Алдын ала мәлімет бойынша 20 жастағы жұмысшы алтыншы қабаттан ашық тұрған лифт шахтасына құлап, көз жұмды. Мердігер қайғылы оқиға болғанын жасырған, ал ақпарат инспекцияға полицейлердің мәліметі арқылы ғана жеткен.

 

 

Серіктес жаңалықтары