$ 521.01  603.43  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шаруаларда пайда бар, біз оларға кедергі жасап жатқан жоқпыз - Жұманғарин картоп бағасы туралы:

Көрші елдерде картоп әлдеқайда қымбат дейді вице-премьер

Шаруаларда пайда бар, біз оларға кедергі жасап жатқан жоқпыз - Жұманғарин картоп бағасы туралы:
Фото: istockphoto.com

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин картоп бағасының өсуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, үкімет баға өсетінін күткен, себебі Қазақстан қазір картопты сыртқы нарыққа экспорттап жатыр.

«Биыл біз 2,9 миллион тонна картоп жинадық, бұл біз жоспарлағаннан да көп. Сіздер білесіздер, тұтыну нормасы бойынша адам басына 100 келі болса, бізге шамамен 2,1 млн тонна қажет. Біз экспорт шегінен, шамамен 500 мың тоннадан асқан кезде, экспортты тежейтінімізді бірнеше рет айттық. Қазір көрші елдерде картоп әлдеқайда қымбат және бұл біздің бәсекедегі артықшылығымыз. Сондықтан біздің картоп өсірушілер қазір экспорттан пайда көріп отыр және біз оларға кедергі келтіріп жатқан жоқпыз», - деді Жұманғарин Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ішкі нарықты қамтамасыз ету мәселесі көтерілсе, экспорт тоқтатылады немесе квоталау жағы қарастырылуы мүмкін.

«Қазір сол сәт туып отыр, сондықтан мен түрлі сауда шараларын қолдану мәселесі туралы тиісті тапсырма бердім», - деді вице-премьер.

Жұманғарин қазір картоп бағасы қатты өспегенін, шамамен 180 теңге тұратынын атап өтті. Ал көктемде оның бағасы 300–400 теңгеге дейін барған еді дейді ол.

Серіктес жаңалықтары