$ 528.31  608.35  6.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңа жылға қарай ет тағы қымбаттай ма – министр бұған қатысты не дейді

Ет бағасы әзірге тұрақты болады дейді шенеунік

Жаңа жылға қарай ет тағы қымбаттай ма – министр бұған қатысты не дейді
Фото: istockphoto.com

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жақын арада ет бағасы көтерілмейтінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрдің айтуынша, ресми статистика бойынша еттің орташа бағасы – келісіне 3 249 теңге. Қазір базарларда ет келісіне 3,5-3,6 мың теңге, ал премиум санаттағы ет 4–5 мың теңге сатылып жатыр.

«Жалпы алғанда баға тұрақты және әзірге осы деңгейде сақталады», - деді Сапаров Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Ал жаңа жылдан кейін ет қымбаттай ма, әлде арзандай ма – министр болжам жасаған жоқ.

«Алдын ала болжам жасамаймыз. Бірақ бағаны осы деңгейде ұстап тұруға тырысамыз деп ойлаймын. Себебі біз қазір тірі малды сыртқа шығармаймыз, ал етке квота енгізілген. Сондықтан мәселе туындамауы керек», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары