26.06.2020, 15:22
Үкімет
Ләззат Ақтаева Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
Кеше Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та қызметтен кеткен болатын
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ләззат Мейрашқызы Ақтаева берген өтінішіне сәйкес ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.
Л.Ақтаева 1965 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын (1988 ж.) және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (2003 ж.) тәмамдаған.
Еңбек жолын 1988 жылы Алматы қаласының №3 перзентханасында акушер-гинеколог болып бастаған. Әр жылдары Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде басшылық қызметтерді атқарған. 2017 жылғы ақпан айында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды