26.06.2020, 09:16
Үкімет
30 маусымда Парламент сессиясының жабылуы өтеді
Бұл күні Сенат пен Мәжіліс депутаттарының бірлескен отырысы жоспарланған
Фото ашық дереккөзден
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Өкіміне сәйкес, Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылғы 30 маусымда өтеді.
Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылғы 30 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын» - деп, жазылған Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қол қойған Өкімде.
Еске салайық, 22 маусым күні Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысы өткен болатын. Онда Үкімет пен Есеп комитеті 2019 жылдың жұмыстарына есеп берген еді.
Көп оқылған
18.09.2026, 06:30
Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: қылмыскер бес жыл арқалап кетті (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:55
«Бәріне ортақ лифтіні меншіктеп алған»: Астанада 78 жастағы қария «Әділет» партиясына жүгініп, мәселесін шешті
18.09.2026, 09:59
Көшеде тұрған бозбаланы атып, өлтіріп кеткен: Түркістанда алты адам ұзақ жылға сотталып кетті
18.09.2026, 11:50
Қазақстан тарихында ең ыстық жаз биыл болды