Тоқаев «Торғай – Ырғыз» трассасының құрылысын тездетуді тапсырды
Президент биыл міндетті түрде Арқалыққа баратынын айтқан еді

Қасым-Жомарт Тоқаев Торғай мен Ырғыз арасындағы трассаның құрылысын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Президент Үкіметке «Торғай – Ырғыз» және батыс бағытындағы басқа да автокөлік жолдарының құрылысын жеделдетуді тапсырды», – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
Ақмола облысына сапары барысында Тоқаев биыл Арқалыққа міндетті түрде баратынын атап өтті.
«Амандық болса, биыл Қостанай облысына міндетті түрде барамын. Жоспарда бар. Жолдауымда Қостанай облысын арнайы атап өттім, Торғай жеріне ерекше назар аудару керек деп айттым. Арқалыққа биыл міндетті түрде барамын. Кезінде уәде бердім, оны орындайтын кез келді. Торғай өңіріне көңіл бөлу қажет», – деген еді Тоқаев.