$ 536.76  630.85  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан Аралды қалай сақтап қалады: министр жаңа жоба туралы айтты

Дүниежүзілік банк грант бөлген

Қазақстан Аралды қалай сақтап қалады: министр жаңа жоба туралы айтты
Фото: istockphoto.com

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Аралды қалпына келтіру жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, министрлік құрылғаннан бері Солтүстік Аралға шамамен 5 млрд м³ су жіберілген. Су айдынының көлемі 24,4 млрд м³-ке дейін ұлғайған.

«Қазір Дүниежүзілік банктің гранты есебінен «Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру және өңірлік дамыту» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр», - деді Нұржігітов Үкімет отырысында.

Жоба аясында Солтүстік Арал теңізін құрғатпай, Көкарал бөгетінің биіктігін 2 метрге көтеру, сондай-ақ Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесінің су деңгейін толықтыру және ұстап тұру үшін Аманөткел-2 гидроторабын салу нұсқалары қарастырылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары