$ 533.87  621.64  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жұманғарин Павлодар мен Маңғыстауға қатысты сүйінші жаңалық айтты

Кірісі аз, шығыны көп өңірлерге берілетін қосымша қаражаттың, яғни субвенция мөлшері де белгілі болды

Жұманғарин Павлодар мен Маңғыстауға қатысты сүйінші жаңалық айтты
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үш жылдан кейін Павлодар облысы орталықтан қаржылай көмек алмай, өзін-өзі қамтамасыз етсе, ал Маңғыстау облысының кірісі артып, қайтадан донор атанады. Бұл туралы вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жұманғарин Үкімет отырысында «2026–2028 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемі туралы» заң жобасын таныстырды. Айтуынша, құжат жаңа Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген.

«Кірістер 2026 жылға 10,7 трлн теңге, 2027 жылға – 12,1 трлн теңге, 2028 жылға – 13,3 трлн теңге көлемінде болжанып отыр. Жергілікті бюджет шығыстарының жалпы болжамы 2026 жылға 14,9 трлн теңге, 2027 жылға – 17,3 трлн теңге, 2028 жылға – 18,7 трлн теңге көлемінде айқындалды. Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі инфляцияға индекстеуді және өңірдегі мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың болжамды санын ескере отырып есептелген», - деді ол.

Жергілікті бюджеттердің кірісі мен шығысының болжамын ескере отырып үкімет мынадай бюджеттік параметрлерді айқындаған:

  • алып қою көлемі 2026 жылы – 879,9 млрд теңге, 2027 жылы – 1,1 трлн теңге, 2028 жылы – 1,4 трлн теңге;
  • 2026 жылға арналған субвенциялар көлемі – 5,1 трлн теңгені, 2027 жылға – 6,4 трлн теңгені, 2028 жылға – 6,8 трлн теңгені құрайды.

«2028 жылы Павлодар облысы өзін-өзі қамтамасыз етеді, ал Маңғыстау облысы қайтадан донор болады», - деді Жұманғарин.

Серіктес жаңалықтары