Олар AITU ұлттық мессенджеріне көшуі керек
Бүгін үкіметте президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі Цифрлық штабтың отырысын өткізген Олжас Бектенов 15 қыркүйекке дейін мемлекеттік органдардың қызметкерлерін AITU ұлттық мессенджеріне көшіру туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, штаб отырысының күн тәртібінде төрт мәселе қаралған. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасаған. Штаб мынандай төрт маңызды шешім қабылдаған:
«Мемлекет басшысы Қазақстан Еуразиядағы цифрлық хабқа айналуы тиіс деген мақсатты алға қойып отыр. Нақты міндеттер белгіленді. Бүгінгі таңда Цифрлық штаб барлық мемлекеттік орган мен ұйымдар үшін міндетті шешімдер қабылдады. Нәтиже ақпараттық қауіпсіздікті жақсартуға және мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған», - деді Бектенов.