Бұл қаражат жемқорлардан қайтқан ақша
Абай облысындағы қалалар мен ауылдарға су тарту үшін елге қайтқан активтерден 10 млрд теңге бөлініп, жұмсалып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, осы қаражатқа аймақ бойынша 21 жоба орындалады. Оның жетеуі – Семей қаласында.
«Облыстағы ауылдарға да су тартылады, соның ішінде Бородулиха, Үржар және Абай аудандарына жаңа құбырлар тартылады», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Үкімет осы жобалардың арқасында аймақтағы халықтың өмір сүру сапасы жақсарып, инфрақұрылымы жаңарады деп сендерді.