$ 536.58  622.75  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еліміздің 10 қаласы мен бір ауылында заманауи перинаталдық орталық бой көтереді

Барлық әкімдік жер бөлген

Еліміздің 10 қаласы мен бір ауылында заманауи перинаталдық орталық бой көтереді
Фото: pixabay.com

Қазақстанның он бір өңірінде заманауи перинаталдық орталық салынады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, президенттің тапсырмасымен заманауи перинаталдық орталық құрылысының 12 жобасы анықталған. Олар Астана (2), Алматы, Шымкент, Атырау, Тараз, Қарағанды, Қаскелең, Қостанай, Қызылорда, Орал қалаларында және Түркістан облысының Темірлан ауылында салынады.

«Бүгінгі күні барлық әкімдік жер телімдерін бөлді. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп, кейін басқа өңірлерде қайта қолдану үшін Шымкент (жылы өңірлер үшін) пен Қарағандыда (суық өңірлер үшін) пилоттық жобалар айқындалды. Алайда осы өңірлердің әкімдіктері пилоттық жобалық-сметалық құжаттаманы әлі аяқтаған жоқ, сол себепті мемлекеттік сараптамадан өткізу және жобаны одан әрі жүргізу мерзімі кешіктіріліп жатыр», - дейді Әлназарова Үкімет отырысында.

Бұдан бөлек, 18 облыстық перинаталдық орталық пен 15 облыстық балалар ауруханасында реновация жұмыстары басталды.

«Реновацияның мақсаты – перинаталдық орталықтардың құрамын бірыңғай жасақтап, мамандардың біліктілігін арттыру және материалдық-техникалық базасын жақсарту арқылы озық технологияларды өңірлерге тарату. Сонымен қатар, балаларға медициналық көмекті қолжетімді ету үшін 302 аса қажетті бейінді төсек қайта құрылды. Медициналық ұйымдардың құрамында тренинг орталықтары мен құзыреттілікті дамыту орталықтары көзделіп отыр», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары