08.07.2025, 10:10
Үкімет
Үкімет коммуналдық тарифтерді әзірге көтермейтін болды
Бұл инфляцияның баяулауына көмектеседі, дейді шенеуніктер
Фото: elements.envato.com
Үкімет коммуналдық қызметтер тарифін көтеруді кейінге қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бірінші жартыжылдықта инфляцияның өсуіне (16,1%) ақылы қызметтер көп әсер еткен.
«Осыған байланысты Үкімет коммуналдық қызметтер тарифінің өсу қарқынын реттеу туралы шешім қабылдады. Олардың өсуін ішінара кейінге қалдырды. Бұл азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға және инфляция деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді», - делінген Үкіметтің хабарламасында.
Айта кетері, өткен сенбіде вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте бірінші жартыжылдықтағы инфляция қорытындысы қаралған.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды