$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мемлекеттік инспекторларға кәсіпорындардың қызметін тоқтату құқығы беріледі

Заңнамалық түзетулер әзірленді

Мемлекеттік инспекторларға кәсіпорындардың қызметін тоқтату құқығы беріледі
Фото: instagram.com/ssgpo_erg

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік инспекторларға қауіпті еңбек жағдайлары кезінде кәсіпорындардың қызметін тоқтата тұру құқығын беруді көздеп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекеттік бақылауды жетілдіру үшін тексеріс жүргізілетіні туралы жұмыс берушілерді міндетті түрде хабардар етуден бас тарту ұсынылады. Сондай-ақ жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кезде кәсіпорындардың жұмысын тоқтата тұру бойынша өкілеттік беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар жоспардан тыс тексерістер кезінде тексеру парақтарын толтырудан бас тарту ұсынылады. Бұл заң бұзу фактілерін анықтау процесін жеңілдетіп, жеделдетуі керек.

«Жоспардан тыс тексерістер кезінде тексеру парақтарын қолдану проблемаға айналған. Біз олардың жоспарлы тексерістерде қолданылуын толық қолдаймыз. Алайда жоспардан тыс, әсіресе жұмысшылар мен кәсіподақтардан шағым түскен кезде бұл практика еңбек инспекторларының әрекетін шектейді. Егер жұмысшы көрсеткен заңбұзушылық бекітілген тексеру парағына енгізілмесе, инспектор шара қолдануға құқығы жоқ. Ал барлық жағдайды тексеру парақтарымен толық қамту мүмкін емес. Осыған байланысты министрлік заңнамаға тиісті түзетулерді әзірледі», - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Министрдің айтуынша, бұл бастамалар формалды тәсілді жоюға және инспекциялық қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Серіктес жаңалықтары