Шаруалар 2030 жылға дейін отандық тыңайтқыштармен толық қамтылады
Тыңайтқыштың жаңа түрлерін шығару жоспарланып отыр

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2030 жылға дейін егіншілерді отандық тыңайтқыштардың негізгі түрлерімен толық қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, агрохимия саласы – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ерекше маңызды.
«Осыған орай 2030 жылға дейін жергілікті егіншілерді отандық тыңайтқыштардың негізгі түрлерімен (азот, фосфор, калий) толық қамтамасыз ету жоспарланды. Қайта жаңарту және жаңа жобалар есебінен 2030 жылға дейін жалпы тыңайтқыштар көлемі 4 миллион тоннаға дейін ұлғаяды. Сонымен бірге карбамид, калий хлориді сияқты жаңа тыңайтқыш түрлерін өндіру жоспарлануда», - деп мәлімдеді министр Үкімет отырысында.