Қазақстанда ішкі туризмді дамыту үшін «Tax free» жүйесі енгізілді

Автор: Azattyq Rýhy

Түркістанда үздік туризм мамандарын даярлайтын Халықаралық университеті ашылады

Фотоколлаж: Жанар Жақсылыққызы

Елімізде ішкі туризмді дамытып, шетелдік қонақтардың санын көбейту үшін «Tax free» ҚҚС салығын қайтару жүйесі енгізілді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді.  

«Шетелдік туристерді елге тарту мақсатында ҚҚС салығын қайтаратын «Tax free» жүйесі енгізіліп, Е-Қонақ жүйесі жасалды. Сондай-ақ, визасыз режим елдерінің қатары 73 мемлекетке дейін артып,  шетелдіктердің 30 күнге дейін тіркеуден өтуі шегерілді. Елдегі туризм саласын дамыту үшін Қазақстан туристификациясының картасы жасалды. Маңызды туристік орындарда 260 заманауи санитарлы орындар салынды», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Сондай-ақ, Орталық Азиядағы туризмді дамыту үшін Түркістанда Халықаралық туризм және спорт университеті ашылады.

«Туризм саласында кадрлық әлеуетті дамыту үшін Орта Азияның ең көне қалаларының бірі – Түркістанда үздік мамандарды дайындайтын Халықаралық туризм және спорт университеті ашылады», - деп атап өтті министр.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан