Бектенов Павлодар облысындағы «Бозшакөл» кенішіне барды
Бұл зауыт жылына 30 млн тонна кен өңдейді

Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапары аясында «KAZ Minerals Bozshakol» мен «Қазақстанның вагон жасау компаниясына» барып, кәсіпорын өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, премьер-министр «Бозшакөл» мыс кеніші алаңында технологиялық үдерістермен танысқан.
«Зауыт жылына 30 млн тонна кен өңдейді. Өткен жылы 105 мың тонна мыс өндірілді, сонымен қатар мұнда мыс, алтын, күміс және концентраттағы мырыш өндіріледі. Дайын өнім Қытай, Түркия, Өзбекстан мен Бельгияға экспортталады. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жас мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлінуде. Биыл кәсіпорын ақылы тағылымдамадан өту үшін 200-ден астам студент тартуды жоспарлаа отыр. Бүгінде компанияда 14 мыңнан астам жұмыс орны ашылды», - деп жазады үкімет.
Премьер-министр Қазақстанның шикізат өңдеу саласына «Қазақмыс» және «KAZ Minerals» сияқты ірі кәсіпорындар инвестиция сала алады деген пікір білдірді.