$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.06.2020, 11:44
Үкімет

Қазақстан ұшқышсыз ұшатын аппарат құрастырмақшы

«Қазақстан авиациялық индустриясы» ЖШС қызметкерлерінің саны 200 адамға дейін артты

Қазақстан ұшқышсыз ұшатын аппарат құрастырмақшы

2016 жылы құрылған құрылған «Қазақстан авиациялық индустриясы» ЖШС биыл еліміздің мемлекеттік органдарын қамтамасыз ету үшін тиімділігі жоғары көпфункционалды ұшқышсыз ұшатын аппараттарды құрастыратын өндірісті ұйымдастыруды жоспарланып отыр. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша, отандық кәсіпорын 2018-2020 жылдары Қазақстанда алғаш рет Ан-72, Су-25 Су-27, С-295 ұшақтарына техникалық қызмет көрсетіп, регламенттік жұмыс жүргізген. Соңғы жылдары кәсіпорынның штаттық персоналы 2 есеге, яғни 200 адамға дейін артты.

«Сонымен қатар, кәсіпорын алдында авиациялық қызметтердің азаматтық нарығына, оның ішінде экспортқа шығу мақсаты тұр. Бұл шаралар болашақта өңірлік көпфункционалды сервистік авиациялық орталық мәртебесіне үміткер болуға мүмкіндік береді», - делінген ақпаратта.

«Қазақстан авиациялық индустриясы» ЖШС алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі - мемлекеттік авиацияның әуе техникасы жарамдылығын қалпына келтіру бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау. Бұл міндеттерді әскери ұшақтарды пайдалануда тәжірибесі мен дағдысы бар мамандар, сондай-ақ еліміздің және шетелдердің бейінді оқу орындарында білім алған жас инженерлер мен техниктерден тұратын жоғары білікті қызметкерлер орындайды.

Серіктес жаңалықтары