$ 520.93  609.07  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.05.2020, 18:27
Үкімет

Блок-бекеттер алынғанымен, қажет жағдайда карантин енгізіле береді – Елжан Біртанов

Денсаулық сақтау министрі блок-бекеттердің ашылуы жайында айтты

Блок-бекеттер алынғанымен, қажет жағдайда карантин енгізіле береді – Елжан Біртанов

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов брифинг өткізіп, блок-бекеттердің ашылуына, карантиндік шектеулердің жеңілдеуіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша, қалааралық блок-бекеттер алынғанымен, қажет кезде карантин шаралары енгізіле береді.

«Қазір біз үшін қалыпты өмірге көшу өте маңызды. Сонымен бірге, біз азаматтарымызды инфекциядан сақтауымыз керек, неғұрлым аз адамның ауырғаны бәрімізге жақсы. Сондықтан эпидемияға қарсы шектеу шаралары сақталады. Карантиннің де бірнеше сатысы бар. Енді азаматтарды ары-бері қозғалуға тыйым салудың қажеті жоқ. Соның өзінде, әрине, жұмыс орнында, кәсіпорында, қоғамдық көліктерде қорғаныс құралдарын қолдану талабы өзгермейді», - деді Е.Біртанов.

Министр азаматтардың жұмыс орындарында, қоғамдық көлікте қорғаныс маскасын тақпай жүргеніне алаңдайды.

«Ондай адамдарға қарсы қатаң шара қабылдауға мәжбүрміз. Азаматтарымыз карантиндік шектеулер алынып жатқанымен, жеке қорғаныстың маңыздылығын, арамызда әлі де вирустың бар екенін түсінуі керек. Үйден шыққанда, дүкенге барғанда масканы тастамағанымыз дұрыс. Осы тәртіптерді сақтай отырып тұрақты қалыпта жұмыс істеуге, жақындармен араласуға болады», - деп пікір білдірді ол.

Еске салсақ, бүгін коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 1 маусымнан бастап қалалар арасындағы барлық блок-бекеттер алынып тасталатынын хабарлады.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары