$ 524.75  540.6  5.12
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан енді колледждің бір студенті үшін 912 мың теңге жұмсайды

Үкімет жан басына шаққандағы қаржыландыруды көбейтті

Қазақстан енді колледждің бір студенті үшін 912 мың теңге жұмсайды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстандағы колледждердің бір студентін даярлау үшін жылына 912 мың теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін үкіметте оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, бұрын бұл қаражат екі есеге аз еді.

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының көптен күткен жаңалығы - 2025 жылы 1 қыркүйектен бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері ұлғаяды. Қазір қолданыстағы жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес 1 студентті даярлау үшін бөлінетін қаржының орташа мөлшері 437 мың теңге болса, ол енді орташа есеппен 912 мың теңге болады», - деді Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, бұған дейін біз 2025 жылы шәкіртақы неше теңгеге көбейетінін жазған болатынбыз. 

Серіктес жаңалықтары