$ 514.93  536.04  5.18
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресейде жеке мәліметтері таралып кеткен қазақстандықтарға egov-тан хат келетін болды

Азаматтар арызданса, елдегі әуе компаниялар да тексеріледі

Ресейде жеке мәліметтері таралып кеткен қазақстандықтарға egov-тан хат келетін болды
Фото: istockphoto.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов ұшақ билетін сатып алған қазақстандықтардың Ресейде жеке деректері таралып кетуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әбдіқалықовтың айтуынша, жеке деректер Ресей аумағында ресейлік «Сирена-Трэвел» компаниясынан тарап кеткен. Бұл әуе билеттерін брондау сервисі, бронь нөмірі арқылы ұшаққа онлайн тіркеуден өтуге болады.

«Бұл жерде біздің компаниялардың кінәсі болмаған. Біздің азаматтар сияқты олар да жәбірленуші. Десе де біз Роскомнадзорға жағдайды түсіндіріп, қандай шаралар қолға алынғанын сұрап хат жолдадық. Себебі Ресейдің заңы бойынша да бұл қылмыс. Олардан заң бұзғандарға қатысты қабылданған щаралар туралы бізді хабардар етуді өтіндік», - деді ол цифрлық Үкіметтің кеңсесінде өткен брифингте.

Желіде азаматтардың аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттарының нөмірлері тарап кеткен. Ақпараттық қауіпсіздік комитеті осы деректерге талдау жасап, жақында электронды үкімет порталы арқылы қазақстандықтарды хабардар етпек.

«Біз  мәліметтерді, қазақстандықтарға берілген құжаттарды «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасымен салыстырдық. Азаматтарды анықтаған бойда оларды бөлек базаға енгіземіз. Сосын осы база арқылы зардап шеккен азаматтарға осындай факті болды деп хабар береміз. Егер қазақстандықтар әуе компанияның үстінен арыз түсірсе, заңнамаға сай тексеріс жүргіземіз. Бәлкім, біздің компаниялардың да кінәсі бар шығар, қазір мұны сеніммен айтуға болмайды. Бірақ жеке деректер Ресей аумағында ресейлік компаниядан тараған. Алайда азаматтар шағымданса, біз қазақстандық әуке компаниялар жеке жеректерді қорғау туралы заң талаптарын қаншалықты сақтағанын міндетті түрде тексереміз», - деп уәде етті комитет төрағасы.

Естеріңізге салайық, осыған дейін қазақстандық Air Astana, Scat, Qazaq Air жолаушыларының жеке деректері желіге тарап кеткені хабарланған.

Серіктес жаңалықтары