Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді шақыру және қызметтен босату мәселелері туралы
Төтенше жағдай мерзімінің аяқталуына байланысты, ҰҚК Шекара қызметінде әскери қызметшілерді запасқа шығару және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру қайта басталды.
«Мамыр айында қалааралық теміржол қатынасында шектеулер болғандығын ескере отырып, белгіленген мерзімде запасқа шығатын әскери қызметшілерді және шақырылушыларды жету орындарына жеткізу Шекара қызметі бөлімшелерінің автокөліктерімен ұйымдастырылады», - делінген ақпаратта.
Әскери қызметшілерді әрі қарай қызметтен босату және қызметке шақыру бойынша шаралар, Қазақстан Республикасының барлық аумағында жолаушылар тасымалы жалғастырылғаннан кейін маусым айында жүргізіледі.