19.05.2020, 17:04
Үкімет
Атамқұлов «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасының шарттары туралы айтты
Жаңа бағдарлама бойынша тұрғын үйді кімдер ала алады
Фото: primeminister.kz
11 мамыр күні Мемлекеттік комиссия отырысында тұрғын үй құрылысындағы мәселелерді шешуге қатысты тапсырма берілді. Атап айтқанда, Ұлттық даму институтын және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» негізінде баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі орталық – «Отбасы банкін» құру. Осы ретте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жаңадан жүзеге асырылатын «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасы жайында айтты.
«Оның басты идеясы мынада: меншігінде баспанасы жоқ әрбір қазақстандық осы орталыққа хабарласып, өзінің табысына қарай қолжетімді баспана алуға мүмкіндік алады», - деді Б. Атамқұлов.
Азаматтар санаттарға бөлінбей, нақты табыстарына қарай іріктеледі.
- Отбасының әр мүшесіне санағанда табыс мөлшері 1 ең төменгі күнкөріс көлеміне (31,2 мың тг) дейінгі азаматтар жалға берілетін тұрғын үй алады.
- Отбасының әр мүшесіне санағанда табыс мөлшері 2 ең төменгі күнкөріс көлеміне дейінгі азаматтар «Бақытты отбасы», «2-10-20» секілді бағдарламалар бойынша 2% мөлшерлемемен баспана ала алады.
- Отбасының әр мүшесіне санағанда табыс мөлшері 3,1 ең төменгі күнкөріс көлеміне дейінгі (96,7 мың теңге) тұрғындар жаңа «5-10-20» бағдарламасымен баспана алады.
- Отбасының әр мүшесіне санағанда табыс мөлшері 3,1 ең төменгі күнкөріс көлемінен жоғары азаматтар екінші деңгейлі банктердің «7-20-25», нарықтық ипотека бағдарламаларына қатыса алады.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды