Руслан Әлішев Орталық коммуникациялар қызметіне қайта басшы болып келді
Ол 2018-2019 жылдары «Орталық коммуникациялар қызметі» РМБ басшысы болды
Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Қанатханұлы Әлішев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.
Әлішев Руслан 1978 жылдың 29 шілдесінде дүниеге келген.
Білімі: 1997 ж. - Петропавл экономика және құқық колледжін
2001 ж. - М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін
2006 ж. - А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2004-2009 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы «Петропавл қаласының Ішкі саясат бөлімі» ММ әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2010-2013 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының бас инспекторы, орынбасары және бастығы.
2013 ж. - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары.
2013-2014 жж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Электрондық БАҚ басқармасының басшысы.
2014-2016 жж. – «Нұр Отан» орталық аппаратының саяси жұмыстар департаментінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2016 ж. – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы.
2016 жылдың қаңтары – 2018 жылдың мамыры - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.
2018 жылдың мамыры – 2019 жылдың сәуірі - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Орталық коммуникациялар қызметі» РМБ басшысы.
2019 жылдың 16 сәуірінен - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.