Бұл мәселеге үкімет басшысы назар аударған
Премьер-министр Олжас Бектенов «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысынан пойыздардың кешігу себебін сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов жолаушылар пойыздарының кешігуі туралы мәселені көтерді.
«Соңғы уақытта тұрғындар тарапынан пойыздардың кешігуіне қатысты шағымдар көбейіп кетті. Қандай шаралар қабылданып жатсыздар?», - деп сұрады ол «ҚТЖ» басшысынан.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев жолаушылар пойыздарының кешігуі жол жөндеу жұмыстарымен байланысты екенін айтып ақталды.
«Бұл жағдай жолдарды жөндеумен және жолаушылардың қауіпсіздігімен байланысты. Соңғы 2 жылда жол жөндеу жұмыстарының көлемін 2-3 есеге арттырдық. Жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», — деді Сауранбаев.