Қазақстанда 59 теміржол вокзалының тек бесеуі ғана жөнделген
Қазір төрт вокзал ғана күрделі жөндеуден өткен
Қазақстанда негізгі 54 теміржол вокзалын жөндеу үшін қаржыландыру көздері пысықталып жатыр. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министр жолаушыларды тасымалдау процесінің қолайлылығын қамтамасыз ету үшін теміржол вокзалдарын модернизациялау қажет екенін атап өтті.
«59 негізгі теміржол вокзалының (жергілікті орган – 8, ҚТЖ – 51) 54 вокзалы (жергілікті орган – 4, КТЖ – 50) жөндеуді талап етеді. Қазіргі уақытта тек Қызылорда, Шымкент, Павлодар және Түркістан қалаларының вокзалдары толық күрделі жөндеуден өткен. Қалған вокзалдарды жөндеу бойынша қажетті техникалық құжаттар әзірленуде және қаржыландыру көздері мен механизмдері пысықталып жатыр», - деді Қарабаев Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, биыл 10 айдың ішінде 17 млн 600 мың жолаушы тасымалданған. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6%-ға көп. Жыл соңына дейін 21 млн жолаушы тасымалдау жоспарланып отыр.