Доллар тағы қымбаттай ма? Ұлттық банк төрағасы жауап берді

Автор: Аягөз Құрмаш

Мұнай нарығы теңгеге әсер етеді

Фото: istockphoto.com

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында доллардың қымбаттауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біздің экономикамыз мұнайға тәуелді, ал бізде мұнай нарығында үлкен тұрақсыздық бар. Соңғы аптада мұнай 80 доллардан – бүгін таңертең 71,5-ке дейін төмендеді. Бұл біздің ұлттық валютамыздың бағамына әсер ете алады. Екіншіден, біз қазақстандық заңды тұлғалар тарапынан жоғары сұранысты көріп отырмыз. Бұл көп жағдайда бюджет немесе квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен инвестициялық жобаларды іске асырумен байланысты. Бізде өте қызықты бюджеттік процесс бар, жылдың басында қаражат жоспарланады, содан кейін тендерлік рәсімдер жасалады және олар жыл соңына дейін игеріле бастайды», - дейді Сүлейменов.

Оның айтуынша, көптеген инвестициялық, инфрақұрылымдық жоба әлі күнге дейін импортқа тәуелді болып отыр.

«Сондықтан біз 4 тоқсандағы осы тоқсан ішінде валютаға сұраныстың артқанын көріп отырмыз. Бұл валюта биржасындағы сауда-саттықтың нақты сомасымен расталып отыр. Қазір олар тәулігіне 290 млн  долларды құрайды, ал орташа тәуліктік көрсеткіш 200-дің маңайында болуы тиіс, яғни биржадағы сауда-саттықтың орташа көлемі 30-40%-ға артық», - дейді ол.

Сүлейменов бұл теңгенің құлдырауына қауіп төндірмейтінін жеткізді.

«Ешқандай жағдайда бұл теңгенің құлдырауына қауіп төндірмейді. Яғни, біз теңгенің екіжақты валитильділігінде нығайып жатқанын көреміз. Егер үлкен толқындар болмаса, ал шын мәнінде үлкен толқындар болуы мүмкін екенін түсіну керек. Біріншіден, бұл - АҚШ-тағы сайлау. Бұл бір бағыттағы немесе бір-біріне әсер етуі мүмкін маңызды макроэкономикалық фактор, себебі президенттікке үміткерлерде экономикалық бағдарлама бар, оның ішінде мұнайға қатысты. Екіншіден, ОПЕК+ шешімін күту керек. Егер ОПЕК+ елдері келісіп, іс жүзінде мұнай өндіруді қысқарта алса, бұл Қазақстан үшін мұнай өндіруші ел ретінде оң әсер етеді. Бұл бола ма жоқ па, қарау керек, біз Сауд Арабиясы елдері, Шығанақ елдері сияқты көшбасшы емеспіз. Сондықтан бұл екі негізгі фактор міндетті түрде әсер етеді. Егер бұл факторлар қандай да бір сыни сипатқа ие болмаса, біз де осы деңгейде қаламыз, яғни құлдырау болмайды», - дейді ол.

Ұлттық банк төрағасы атағандай, валитильдік әркез болады.

«Себебі, доллар біз үшін нарықтық тауар. Оған сұраныс пен оған ұсыныстар болады», - дейді ол.