«Бензиннің бағасы азық түлікке көп әсер етпейді»: Жұманғарин инфляция жайлы айтты

Аягөз Құрмаш

Ол сенбі күні ауқымды кеңес өтетінін жеткізді

«Бензиннің бағасы азық түлікке көп әсер етпейді»: Жұманғарин инфляция жайлы айтты
Фото: istockphoto.com

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жанар-жағармай мен дизель отынының бағасы инфляцияға қаншалықты әсер ететіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сенбіде біз инфляцияға қатысты ауқымды кеңес өткіземіз. Қазір азық-түлік тауарларына инфляция көрсеткіші бойынша Қазақстан 2-орында, төменгі орында. Жыл басынан бергі өсім Армения мен Қазақстанда – 2,9%. Басқа тауарлар мен қызметтердің бағасы өсті. Сондықтан біз осы сенбіде үкіметаралық үлкен кеңес өткізіп, қазір қандай факторлар инфляцияға әсер ететінін қараймыз. Себебі, бізге берілген тапсырма – биыл инфляция 8%-дан аспауы керек», - дейді Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында.

Оның айтуынша, бензиннің бағасы өседі деген ақпарат берілген жоқ.

«Бірақ өз тәжірибеме сүйеніп айтайын. Бензиннің бағасы азық-түлікке көп әсер етпейді. Себебі, азық-түлікті тасымалдағанда (оның бағасына) әсер ететіні дизель отыны. Дизель отыны өссе, әрине, ол өз әсерін береді. Сондықтан бензинге (бағасына) қатысты нақты айта алмаймын. Бірақ дизель отынының әсері де көп емес», - деді Серік Жұманғарин.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.