26.09.2024, 20:01
Үкімет
Тамара Дүйсенова азаматтарды онлайн қабылдады
Вице-премьер әр азаматтың мәселесін жеке қарастырып шешу қажеттігіне назар аударып, тиісті тапсырмалар берді
Фото: Үкімет
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды онлайн қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Үкіметтің баспасөз қызметін сілтеме жасап.
Кездесу барысында әскери қызметкерлерді зейнетақымен қамту, Семей ядролық полигоны аймағында тұратын азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде мәселелер көтерілді. Сондай-ақ сот актілеріне қатысты сұрақтар да қойылды.
Кездесуге мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысып, қойылған сауалдарға жауап берді. Вице-премьер әр азаматтың мәселесін жеке қарастырып шешу қажеттігіне назар аударып, тиісті тапсырмалар берді.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды