$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үкімет президенттің кеңесіне құлақ асып, жаңа Салық кодексін бір жылға шегерді

Президент құжатты сапалы дайындау үшін үкіметке асықпауға кеңес берген

Үкімет президенттің кеңесіне құлақ асып, жаңа Салық кодексін бір жылға шегерді
Фото: © istockphoto.com

Қазақстанның жаңа Салық кодексін 2025 жылғы шілдеге дейін қабылдап, 2026 жылғы қаңтар айынан қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жаңа Салық кодексін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізе отырып, 2025 жылғы шілдеге дейін қабылдау ұсынылады. Бұл белсенді бұқаралық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, заңға тәуелді актілерді әзірлеуге және Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерін дайындауға мүмкіндік береді», - деді ол.

Салық кодексін әзірлеу барысында мына мәселер пысықталады: жеке табыс салығының сараланған мөлшерлемесін белгілеу; банк секторы акционерлерінің дивидендтеріне әділ қосымша салық салу; салық жеңілдіктерінің тиімділігін арттыру; кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайларды нашарлатпай салық режимдерін оңтайландыру; салықтық әкімшілендіруді толық цифрландыру, жазалау тәсілінен бас тарту; цифрлық теңгені пайдалана отырып, қосымша құн салығын әкімшілендіру тетігін енгізу.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2қыркүйектегі Жолдауында Үкімет пен Парламентке жаңа Салық кодексінің жобасына қатысты жан-жақты талқылау жүргізуді тапсырған болатын.

«Қиын болса да, дұрыс шешім қабылдау қажет. Бұл жерде асығыстыққа жол беруге болмайды. Жаңа Салық кодексін сапалы әзірлеу үшін оны қабылдау мерзімін келесі жылға ауыстыруға болады деп санаймын», - деген еді мемлекет басшысы.

Бұған дейінгі жоспар бойынша жаңа Салық кодексі 2025 жылғы қаңтардан қолданысқа енуі керек еді.

Серіктес жаңалықтары