$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңа жылға дейін 300 мыңнан астам үйге газ тартылады - Скляр

Газ желілерін жаңғыртуға 194 млрд теңге бөлінген

Жаңа жылға дейін 300 мыңнан астам үйге газ тартылады - Скляр
Фото: © istockphoto.com

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр үкімет отырысында газ саласын дамыту жұмыстарына тоқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша халықтың 60 пайызы газбен қамтылған.

«Осы жылдың соңына дейін 300 мыңнан астам адам газбен қамтамасыз етіліп, 1 мың 700 шақырымнан астам газ желілері жаңғыртылады, оған 194 млрд теңге бөлінді. «Бейнеу – Бозой – Шымкент 2», «Ақтөбе – Қостанай» және «Талдықорған – Үшарал» газ құбырларын салу үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Скляр.

Бірінші вице-премьер, сондай-ақ, газ өңдеу зауыттарының құрылысы қашан аяқталатынын айтты.

Қашағанда қуаты 1 және 2 жарым млрд текше метр болатын екі зауыт салынып жатыр. Оларды 2026 және 2030 жылдары пайдалануға беру жоспарланған.

Қарашығанақта қуаты 4 млрд текше метр газ өндіру зауыты 2028 жылы іске қосылмақ. Бүгінде әлеуетті мердігер анықталды.

Ал Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыты бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу басталды, дала жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2027 жылы қолданысқа енгізу жоспарда бар.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Роман Скляр #газ