Қазақстанға алма әкелуге тыйым салынды

Молдатай Сымбат

Биыл елімізде 300 мың тонна алма жиналады

Қазақстанға алма әкелуге тыйым салынды
Фото: istockphoto.com

Үкімет жыл соңына дейін Қазақстанға алма әкелуге тыйым салу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биыл алманың жалпы жиналуы 300 мың тонна болады деп болжануда. Алдыңғы жылдары бау-бақша өсіру үшін көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларының арқасында осындай мөлшерге қол жетті.

«2024 жылы алма бақтарының толық жеміс беруі және өнімділікті 18%-ға арттыру күтілуде, бұл ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етеді. Талқылау қорытындысы бойынша жыл соңына дейін Қазақстан аумағына үшінші елдерден автомобиль көлігімен алма әкелуге уақытша тыйым салу туралы шешім қабылданды», - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.