$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сәтқалиев: АЭС – Қазақстанның энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ететін жалғыз дұрыс шешім

2035 жылға қарай сағатына 152,4  млрд кВт электр энергиясы тұтынылады

Сәтқалиев: АЭС – Қазақстанның энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ететін жалғыз дұрыс шешім
Фото: freepik.com

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев атом электр станциясын салу Қазақстан үшін жалғыз дұрыс шешім екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Министрліктің болжамынша, 2035 жылға қарай электр энергиясын тұтыну сағатына 152,4 млрд кВт құрайды. Бірнеше объективті себептерге – пайдаланудан шығару, тозу, экологиялық санкциялардың күшеюіне байланысты қолданыстағы энергия көздерін өндіру төмендеп, сағатына 135 млрд кВт-тан аз болады. Осыған байланысты 2035 жылға қарай жиынтық қуаты 26,5 ГВт жаңа өндіруші қуаттарды іске қосу қажет болады.

«Қазір  жеке инвестициялар есебінен жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғыртуға, кеңейтуге 22 инвестициялық келісім жасалды. Қызылорда, Түркістан, Ұлытау облыстарында және Алматыда жалпы қуаты 3 500 МВт-тан асатын маневрлі газ электр станцияларын салу жобалары іске асырылып жатыр. Жаңа жылу электр орталығын салу шаралары да қабылдануда. Өздеріңіз білетіндей, қазір бүкіл әлем көміртегі бейтараптығына бет бұрып жатыр. Сондықтан халықаралық қаржы институттары көмір электр станцияларын салуға инвестиция салудан бас тартып отыр. Еліміздегі газ ресурстарының шектеулі болуына байланысты біз газ генерациясын ауқымды түрде енгізе алмаймыз», -  деді Сәтқалиев үкімет отырысында.

Ал жаңартылатын энергия көздері табиғи-климаттық жағдайларға тәуелділігіне байланысты электр энергиясын өндірудің сенімді базалық көзі бола алмайды.

«Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, атом электр станциясын салу – шығатын қуаттарды ауыстыру және Қазақстанның энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін жалғыз дұрыс шешім.  Қазіргі кезеңде атом электр станциясына балама жоқ», деп санайды министр.

Айтуынша, қазір әлемде орнатылған қуаты 374 ГВт болатын 415 ядролық реактор жұмыс істейді. Олар әлемде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 10%  қамтамасыз етеді. Салу кезеңінде – 61 реактор, оның ішінде тек Қытайда 27 реактор бар.

Серіктес жаңалықтары