Бір балаға 580 теңге: министр мектептегі тегін тамақ жайлы айтты

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол өткен жылғыдан 100 теңгеге қымбат 

Фото: Azattyq Rýhy

Үкіметте өткен баспасөз конференциясында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев тегін тамақтану жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министр мектепке дейінгі ұйымдарда 97 мың бала тегін тамақпен қамтамасыз етілетінін жеткізді.

«Бұл негізгіден қосымша болып отыр. Бір балаға бөлінетін тамақ құны 580 теңгені құрайды. Ол өткен жылғымен салыстырғанда, 100 теңгеге көп»,- деді ол.

Сондай-ақ, министр мектептерде 1,7 млн бала тегін тамақтанатынын айтқан еді