2023 жылғы 31 желтоқсандағы есеп бойынша, елдегі 18 жасқа дейінгі балалар саны – 6,9 млн
1 шілдеге дейін «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 13 мың адамға $1,3 млн төленді. Жалпы, 16,6 мың өтінім келіп түскен. Бұл қаражат жастардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім беру ақысын төлеуге бағытталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаржы министрлігі жартыжылдық қорытындысын жариялады.
БЖЗҚ деректеріне сәйкес, балаларға келесі қаражат есептеу 2025 жылдың ақпанына жоспарланған.
Еске салайық, 2024 жылдың ақпан айында қазақстандық балалар Ұлттық қордан алғашқы төлемдерді алды. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын 18 жасқа дейінгі балалардың жинақтаушы шоттарына аударуды көздейді. Оларды пайдаланудың негізгі бағыттары – тұрғын үй жағдайын жақсарту және білім алуға ақы төлеу.
Былтыр әлеуметтік жобаны іске асыру үшін тиісті Заң қабылданды, оператор ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры анықталды.
Биыл 18 жасқа толған балаларға $100,05 есептелді. 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны – 6,9 млн адам. Аударымдарды egov.kz платформасы мен enpf.kz сайтынан бақылауға болады.