$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.07.2024, 12:41
Үкімет

Ресеймен шекарадағы жүк көліктерін өткізу пункті реконструкцияланады

Олжас Бектенов Түмен облысының губернаторымен кездесті  

Ресеймен шекарадағы жүк көліктерін өткізу пункті реконструкцияланады
Фото: ҚР Үкіметі

Олжас Бектенов РФ Түмен облысының губернаторы Александр Моормен шекара маңы және аймақаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан-Ресей сауда қатынастарын дамыту аясындағы аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды. Биылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстан өңірлері мен Түмен облысы арасындағы тауар айналымы $113,3 млн құрады.

Кездесу барысында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда, мемлекеттік шекара арқылы автомобиль жүк-жолаушылар көпжақты өткізу пунктін реконструкциялау жобасы қаралды.

«Кешенді күрделі жөндеу шеңберінде өткізу пунктінің қолданыстағы шекараларында кіру жолақтарын кеңейту және жүк көлігі бағытында 2 жолақ, жеңіл көлік бағытында 4 жолақ салу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру АӨП өткізу қабілетін жақсартуға және сауда-экономикалық байланыстарды арттыруға мүмкіндік береді», - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.  

Серіктес жаңалықтары