Президент Ұлттық банк төрағасына бірқатар тапсырмалар берді

Автор: Azattyq Rýhy

Тимур Сүлейменов биылғы жартыжылдықта жүзеге асырылған жұмыстарға тоқталды

Фото: Ақорда

Президент Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тимур Сүлейменов:

  • Ұлттық Банктің биылғы жартыжылдықта жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берді;
  • Қазақстандағы және әлемдегі экономикалық жағдайдың даму барысы және инфляцияның қарқыны мен оны тұрақтандыру шаралары жөнінде баяндады;
  • Жылдық инфляцияның бәсеңдегенін және ішкі экономикада проинфляциялық факторлардың сақталып отырғанын айтты;
  • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері мен алтын-валюта резервтерінің жай-күйіне тоқталды;
  • Ұлттық төлем жүйесі мен ашық банкинг принциптерін дамыту және қазақстандықтардың қаржысын алаяқтардан қорғау үшін антифрод-орталық құру жобаларын жүзеге асыруға қатысты Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Банктің қызметіне, соның ішінде инфляцияны одан әрі тұрақтандыру және цифрлық қаржылық инфрақұрылым жасау жөнінде бірқатар тапсырма берді.