Сабильянов ауылдағы орманшыларға төленетін үстемақы мәселесін көтерді

Аягөз Құрмаш

Ол қаулыға өзгеріс енгізуді ұсынды

Сабильянов ауылдағы орманшыларға төленетін үстемақы мәселесін көтерді
Фото: parlak.kz

Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов орманшыларға қатысты үстемақы жайлы айтып, депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Абай облысы бойынша «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағынан «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты»» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне үстемақы төлеу,әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру мәселесіне байланысты хат келіп түсті. Хатта мына мәселелер көтерілген.Техникалық персоналға үстемақы төлеу мәселесі»,- дейді депутат. 

Үкіметінің мемлекеттік орман шаруашылығы қызметкерлеріне денсаулыққа және өмірге зиян келтіру қаупінің төнуіне байланысты жұмыс үшін 100%-ға дейін қосымша үстемақы беру қарастырылған. 

«Алайда «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің техникалық персоналдарына - жүргізушілер, радиобайланыс операторлары, тракторшылар, өндірістік және әкімшілік үй-жайларды жинаушылар және тағы басқаларына (№ 131 ерекшелік қызметкерлеріне) үнемдеудің жоқтығына байланысты үстемақы толық төленбей отыр. Бұл мәселе шешімін табу керек. Ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін 25% қосымша ақы қосу мәселесі.Ауылдық жерлерде табиғатты қорғау функцияларын жүзеге асыратын лауазымды адамдарға 25%-дан кем емес үстемақы төленуі тиіс»,- дейді ол. 

Ал Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 32 қауылысына сәйкес басқарушы персонал және негізгі персоналға кіретін лауазымдар тізбесі бекітілген. Оған табиғат қорғау мекемелерінің мамандары мен қызметкерлеріне, ауылдық жерлерде табиғатты қорғау функцияларын жүзеге асыратынлауазымды адамдар санаты енгізілмеген. 

«Осы санатты аталған қаулыға енгізу қажет. Қызметкерлерге сауықтыру жәрдемақыларын төлеу мәселесі.Еңбек Кодексіне сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі. «Семей орманы»  мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің техникалық персонал санатына кіретін 1500-ге жуық қызметкер осы жәрдемақыны ала алмай отыр. Сонымен қатар орман шаруашылығы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтандыру қажет»,- дейді Сабильянов.

Осыған орай ол бірқатар ұсыныс жасады: 

  • «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесініңтехникалық персоналына (№131 ерекшелік қызметкерлеріне) үстемақы төлеу;
  • ауылдық жерлерде табиғатты қорғау функцияларын жүзеге асыратын лауазымды адамдарға ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін 25% қосымша ақы қосу;
  • техникалық персоналға сауықтыру жәрдемақыларын төлеуді және олардың медициналық оңалту ұйымдарында емделуін қамтамасыз ету; 
  • орман шаруашылығы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтандыру мәселелерінқарастыруды сұраймын.
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.