«Токионың интернетін өлшеген емеспін»: министр Мәдиев Мусинмен келіспей ме

Автор: Azattyq Rýhy

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев елдегі интернет сапасына баға берді

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

«Астана интернет жылдамдығы жағынан Токионы басып озды». Экс-цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің бұл мәлімдемесі көпшіліктің күлкісін келтіріп, цитатаға айналып кеткен еді. Әріптесінің «жылы орнын» басқан ізбасары, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев осыған қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстанда интернет Токиодан жылдам екені рас па?» деген журналистер сауалына ол аздап кідіріп барып, былай жауап берді:

«Токионың интернетін өлшеген емеспін. Маған ең маңыздысы – осы Қазақстанда интернеттің жақсы болуы», - деді Мәдиев.

«Қазіргі интернеттің жылдамдығына көңіліңіз тола ма, қандай баға бересіз?» деген журналист сұрағына былай жауап берді:

«Жақсы да, жаман да жағы бар», - деді.

Жалпы айтсақ, министр интернет сапасына көңілі толмайтынын айтып, «жұмыс істейміз» деп жауап берді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 1,5 мыңға жуық ауылда мобильді интернет жоқ