18.06.2024, 11:41
Үкімет
Төтенше жағдайлар министрінің қолындағы сағаты неше теңге тұрады
Шыңғыс Әрінов аксессуар құнын айтудан бас тартты
видеодан скриншот
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов журналистердің сұрағына жауап беруден қашқақтап, қолындағы сағатының неше теңге екенін айтпай қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сұрақ қойған журналистің айтуынша, Қазақстанда жалақының аздығына налыған құтқарушылар «біздің жалақымыз аз болса да, төтенше жағдайлар министрінің қолындағы сағаты 2 млн теңге тұрады» деген мағынада мәлімдеме жасаған. Осыған байланысты «сағатыңыздың құны неше теңге?» деген нақты сұраққа Шыңғыс Әрінов нақты жауап бере алған жоқ.
«Сағатымның құны 2 млн теңге емес...сыйлыққа алғамын, қарапайым сағат. Неше теңге тұратынын білмеймін, бірақ, нақты 2 млн теңге емес», - деді ол.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
20.10.2026, 15:55
Бір қария ауыр хәлде: Солтүстік Қазақстан облысында екі ер адам қоқыстан тауып алған сұйықтықты ішіп, қаза тапты
20.10.2026, 09:59
Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевке көңіл айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды