$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Министр интернет жылдамдығы жағынан Қазақстан нешінші орында тұрғанын айтты

Интернетті пайдаланатын қазақстандықтардың үлесі дамыған елдердің деңгейіне жеткен

Министр интернет жылдамдығы жағынан Қазақстан нешінші орында тұрғанын айтты
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Қазақстан сәуірдегі деректер бойынша интернет жылдамдығы бойынша  66-орында тұр. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрдің айтуынша, халықаралық деректерге сүйенсек, Қазақстанда интернетті пайдаланатын халықтың үлесі дамыған елдер деңгейінде. Бүгінгі күні бүкіл әлемде интернетті тұтыну қарқынды өсіп келеді. Қазақстанда 2020 жылға қарағанда трафик 61,5%-ға, ал абоненттер саны 12,9%-ға өскен.

«Speedtest Ookla-ның 2024 жылғы сәуірдегі деректеріне сәйкес, Қазақстан 43,62 Мбит/с орташа Интернет жылдамдығымен 66-орында тұр (Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанға қарағанда жоғары)», - деді Мәдиев үкімет отырысында.

Сондай-ақ ол Кселл және Теле2 Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен  облыс орталықтарында 5G-ді дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті. Бүгінгі таңда 20 қалада 1 144 базалық станция орнатылған.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 5G ұялы байланысын енгізу 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. 2027 жылдың соңына дейін байланыс операторларының салаға салатын инвестицияларының көлемі 450 миллиард теңгеден асады», -  деді министр.

Серіктес жаңалықтары