«Байланыс сапасы туралы айтып отырмыз, өзімізде жоқ»: Үкімет отырысында байланыс үзіліп қалды (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Отырыс тақырыбы интернет сапасы туралы еді

Үкімет отырысында елдегі интернеттің сапасы талқыланған кезде байланыс үзілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Премьер-министр сөз кезегін Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровқа берді. Ол жиынға онлайн қосылғанымен, сол сәтте байланыс үзіліп қалды.

«Біздің алдымызда облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды коммуникациямен қамтамасыз ету міндеті тұр, бұл жұмыс Ақтөбе және Атырау облыстарында нашар жүргізілуде.

Асхат Берлешұлы, қайда Ақтөбе облысы? Естілмейді? Байланыс сапасы туралы айтып отырмыз, өзімізде байланыс жоқ», - деді Олжас Бектенов.

Speedtest Ookla деректеріне сәйкес, Қазақстан  интернет жылдамдығы бойынша 64-орында. Бұл ретте қазақстандықтар нашар байланысқа жиі шағымданады.

Оқи отырыңыз: «Токионың интернетін өлшеген емеспін»: министр Мәдиев Мусинмен келіспей ме

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.