Серік Жұманғариннің халал шегірткелеріне қызыққан шетелдік инвесторлар жоқ

Автор: Azattyq Rýhy

Шетелдік инвестор табылған жағдайда сыртқы істер министрлігі ресми мәлімет ұсынбақ

Фото: istockphoto.com

Қазақстандағы шегіртке өнімін өз еліне экспорттаймын деген шетелдік инвесторлар әзірге табылған жоқ. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, вице-премьер Серік Жұманғарин журналистердің Қазақстандағы шегіртке қаптаған өңірлері туралы сұрағына жауап бере келе бұл жәндік халал екенін және оны экспорттауға болатынын меңзеген еді. Кейін әрине Жұманғарин бұл мәлімдемені журналистердің көңілін көтергім келеді деп айтқан болатын. Дегенмен, журналистер бүгін Сыртқы істер министрлігінің өкілінен Қазақстанның шегірткелерін сатып аламын деген шетелдік инвесторлар жоқ па деген сұрақ қойды.

«Әзірге, бұндай сұраныс түскен жоқ. Бірақ, егер түсіп жатса, міндетті түрде хабарлаймын», - деді Айбек Смадияров.