Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Дастан Махаевтың соңғы қызметі - Парламент Мәжілісінде аппарат басшысының орынбасары
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып Махаев Дастан Рамазанұлы тағайындалды.
Дастан Махаев 1983 жылы 13 сәуірде дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған, мамандығы - заңгер.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасының кеден органындағы қызметте бастаған. Әр жылдары «Нұр Отан» партиясында, Парламент Мәжілісінде, Президент әкімшілігінде бірқатар жауапты қызметтер атқарған. Тағайындалғанға дейін Парламент Мәжілісінде аппарат басшысының орынбасары болды.
Ол Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары ретінде заңдық, нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысады.