$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Депутат әлеуметтік жеңілдік ала алмай отырған халықтың жанайқайын жеткізді

Ол депутаттық сауалында заңмен белгіленген жеңілдіктер берілуін талап етті

Депутат әлеуметтік жеңілдік ала алмай отырған халықтың жанайқайын жеткізді
Фото: gov.kz

Мәжілістің жалпы отырысында депутат, «AMANAT» фракциясының мүшесі Жарқынбек Амантайұлы Павлодар облысы тұрғындарының назын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.                                         

Ол депутаттық сауалына  Павлодар облысының ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған Ақкөл және Май аудандарында тұрған және тұрып жатқан азаматтардың бірқатар өтініштері негіз болып отырғанын айтты.

«Олар өздерінің ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтар санатына жататынына қарамастан, осы санаттағы халық үшін көзделген әлеуметтік жеңілдіктерді  толық алмай отырғанына қатысты жанайқайын жеткізіп отыр. Жарылыстар болған аймақтарда тұрған халықтың денсаулығына ядролық сынақтардың тікелей әсері болғанын, олардың денсаулығына айтарлықтай нұқсан келгенін және оның адамның жасы ұлғайған сайын күшейе түсетініне күмән келтіруге болмайды. Сондықтан, олардың барлығы да ядролық сынақтардың зардап шеккен азаматтардың қатарына жатады. Өтініш иелері өздерінің денсаулық, отбасының жағдайына байланысты басқа елді-мекендерге көшкенде, ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтар ретінде алып отырған бірқатар жеңілдіктерін ала алмай қалады. Алайда, бұл адамдардың денсаулығы жақсарып, ядролық жарылыстартың әсері із-түссіз жоғалды деп айтуға болмайды»,- дейді Амантайұлы.

Депутат еліміздің әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығын қорғауды бірінші кезекке қоятын әлеуметтік мемлекет екенін ескерсек, онда ядролық жарылыстар болған кезеңде аталған аймақтарда тұрған, бірақ кейіннен түрлі жағдайда байланысты әр түрлі мәселелермен басқа өңірлерге қоныс аударған адамдар тиісті әлеуметтік қолдау шараларын алуға тиіс дейді.

«Премьер-министрдің орынбасары Тамара Босымбекқызы, ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтардың барлығына Заңмен көзделген жеңілдіктер бірдей берілуі үшін аталған мәселені мүдделі мемлекеттік органдармен жан-жақты қарастыруды сұраймын»,- деді ол.

Серіктес жаңалықтары