$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.05.2024, 20:44
Үкімет

Түркістан облысында аустралиялық әдіс бойынша салынған алғашқы бордақылау алаңы іске қосылады

Биыл жүзеге асатын жобаның бірінші кезеңінде 5 мың бас мал сатып алынбақ

Түркістан облысында аустралиялық әдіс бойынша салынған алғашқы бордақылау алаңы іске қосылады

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында вице-премьер Серік Жұманғарин 50 мың бас ірі қара малға арналған Қазақстандағы ең ірі бордақылау алаңын салу орнына барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл жүзеге асатын жобаның бірінші кезеңінде 5 мың бас, 2025-2026 жылдары тағы 10 мың бас, 2026-2027 жылдары 25 мың бас сатып алынады.  Құрылыстың, бордақылаудың және мал жаюдың барлық жүйесі мал шаруашылығын жүргізудің аустралияда қолданылатын торда өсіру тәсілімен жүзеге асырылады.

«Компания басшысы Сырым Ертаев қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы мен қаржы институттары тарапынан АӨК саласындағы инвестициялық жобаларға бөлінетін жеңілдіктер мен қаржыландырудың тоқтап тұрғанына байланысты құрылыс жобасын іске асыру барысы баяулағанын айтты. Сондай-ақ «Көксарай» су реттегішінен суды пайдалануға рұқсат алудың да проблемалары бар», - делінген хабарламада.

Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне қысқа мерзімде инвестициялық жобалар бойынша кеңес өткізіп, қаржыландыру мәселесін шешуді тапсырды. Сонымен қатар ол Су ресурстары және ирригация министрлігімен егіндік суды пайдалану мәселесін пысықтауды міндеттеді.

Серіктес жаңалықтары