Су басқан 6 өңірдің оқушыларына грант бөлу кезінде квота беріледі

Темірхан Айжан

Саясат Нұрбек өзгерістер туралы айтты 

Су басқан 6 өңірдің оқушыларына грант бөлу кезінде квота беріледі
Фото: скриншот

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек суға кеткен өңірлердің 11 сынып оқушыларына Жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ тапсыру кезінде қандай мүмкіндіктер берілетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Біріншіден, су тасқынынан зардап шеккен 6 өңірдің оқушылары үшін ҰБТ-ны тапсыру уақытын жылжыттық. Басқа барлық өңірлердің оқушылары үшін негізгі ҰБТ 16 мамырдан басталса, зардап шеккен аймақтардың оқушыларына 25 мамырда, ары қарай 1 маусымда басталады. 12 маусымға дейін жылжи береді. Тестке дайындалуға 47 күн береміз.

Екіншіден, су басқан өңірлердегі балалар тестке дайындыққа жұмсайтын уақытын жоғалтып алды, бірақ тестке дайындалуға көбірек мүмкіндігі болған балалармен жалпы конкурсқа түсіп, грантқа таласады. Сондықтан біз квота беруді шештік. Мемлекеттік тапсырыстан 20 пайыз арнайы бакалавриатқа бөлдік.

Үшіншіден, су тасқынына ұшыраған өңірлерде 66 пайыз оқушы қаңтар мен наурыздағы ҰБТ-ның сынақ нұсқасын тапсырды. Жинаған балдары жаман емес. Егер балалар негізгі ҰБТ-дан төмен бал алып қалса, осы жылы ғана, қаңтар мен наурызда алған балдары жоғары болса, есепке алынады», - деді министр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.