21.05.2024, 13:47
Үкімет
Қазақ тілінен емтихан тапсыра алмаған оқушылар келесі жылға қала ма? Бейсембаев жауап берді
Ол оқушылардың құқығы тапталмайтынын жеткізді
Фото: primeminister.kz
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биыл қазақ тілінен емтихан алу алғаш рет енгізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақ тілінің сапасын арттыру үшін қазақ тілінен емтихан алғаш рет енгізіліп отыр. Сондықтан бұл емтиханды жоғары деңгейде және объективті өткізу бойынша тапсырма берілді. Оқушылардың құқығын шектеуге бұл емтихан аясында жол берілмейді. Бұл мәселе менің тікелей бақылауымда. Егер қандай да бір сұрақ туындаса, министрліктегі комитеттерге хабарласуға болады. Әлеуметтік желіде де қандай да бір оқиға болса, оған біз міндетті түрде әсер етеміз», - дейді Бейсембаев.
Еске салсақ, биыл қазақ тілі бойынша емтиханды 5, 8-10-сынып оқушылары алғаш рет тапсырады.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты: СІМ
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 12:11
Астанада қонақүй кешенінде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды