Шенеуніктер Түркістандағы шегірткелерді дронмен өлтіріп жатыр

Azattyq Rýhy

Техника бір сағатта 18 шақырым жерді қамти алады

Шенеуніктер Түркістандағы шегірткелерді дронмен өлтіріп жатыр
видеодан скриншот

Түркістан облысы алқаптардағы шегірткелерді дрон арқылы өлтіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып,

Дереккөзге сүйенсек, облыс алқаптарында марокко шегірткелеріне қарсы өңдеу шаралары қабылданып жатыр. Тазаланған 252 мың гектар жердің 1,4 мың гектарына арнайы дрондар қолданылған. Техника бір сағатта 18 гектар жерді қамти алады, ауадағы жұмыс уақыты 15-17 минут.

«Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин шегірткемен күресу бойынша дәрі-дәрмек жеткізу мен сақтаудан бастап, өңдеуге дейінгі барлық қызмет түрлерін көрсететін мердігерлермен сөйлесті. Жұмыс барысымен танысып, тиісті тапсырмалар берді», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
 

Бұл тәсіл Түркістан облысында пилоттық жоба түрінде сынақтан өтуде. Келесі жылы республика бойынша шегірткеге қарсы күрес қызметтерін сатып алуды орталықтандырылған бірыңғай жүйеге көшіру жоспарланған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.